CaspianLife, 4 сәуір — Аудан басшылары қауіптің алдын алып, тасқыннан қорғану үшін ұзындығы 2 км, биіктігі 450 м болатын канал қазған. Каналды қазу жұмыстыры былтырғы жылы қолға алынған. Биылғы жылы каналдың енін 3 м, тереңдігін 2 м етіп кеңіткен.
“Көне көз қариялардың сөзінше 60 жылдардан бері су шықпаған Жаманаша дейтін жерге барып, сол жердегі сай саланың барлығын толтырады. Бұл сай сала толса сол жердегі қожалықтардың малына, жер асты суының ұлғаюына жақсы көп септінін тигізеді. Бір жағынан Жарыпшыққан арнасының деңгейінің түсуіне де әсер етеді”, -дейді округ әкімі Төреш Қозбақов.