CaspianLife, 2 сәуір — Қызылқоға ауданының әкімдігі төтенше жағдайға бөлінген қаражат туралы ақпарат таратты.
Ресми мәліметке сүйенсек, аудан резервіне барлығы — 33282000 теңге бөлінген. Оның ішінде ауданның аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның төтенше резервіне — 23418000 теңге, шұғыл шығындар резерві — 7764000 теңге, ауданның міндеттемелерін орындауға арналған резерві — 2100000 теңге.