CaspianLife, 1 сәуір — 27 наурыз күні мұнда секундына 12 текше метр су келсе, 31 наурыз күні 1000 текше метрге дейін жетті. Былтыр 31 наурызда Иреклі су қоймасына секундына 645 текше метр су келген. Су қойманың деңгейі де ұлғайып барады. Ресейліктер 31 наурыздан бері секундына 90 текше метр су жіберсе, 1 сәуірден бастап оның көлемін секундына 390 текше метрге дейін ұлғайтты. Бұл туралы ural56.ru интернет ресурсы хабарлады