СaspianLife, 1 сәуір — Жас ананы Нұра ауылындағы жалпы тәжірибелі дәрігер Сәуле Сатаева босандырып алған. Өмірге келген егіз қыз анасымен бірге Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығына жеткізілді.
— Бұл жас ананың алтыншы баласы. Бәрінің жағдайы жақсы. Қазір Ырғыз орталық перзентханасында жатыр. Біреуінің салмағы — 2 800, екіншісінің салмағы — 3050 грамм, — деді Ырғыз аудандық перзентханасының акушер-гинекологі Кәмшат Сәрсенғалиева.