CaspianLife, 28 наурыз — Жуықта Атыраудағы кинотеатрлардың бірінде отандық өнімнің тұсаукесер рәсімі өтті. «Попандос» комедиясының премьерасына келген жандар шығармашылық ұжымды құттықтап, жылы лебіз білдірді.
Киноның бас продюсері Қарасай Күнжарықов осы туындымыз арқылы достықты көрсеткіміз келді дейді.
Киноның түсірілімі 2019 жылы басталған еді. Алайда, пандемияның кесірінен былтыр бір-ақ бітіпті. Киноға кәсіби емес актерлер түскен. Солардың бірі — Ербол Оңғар Жабай есімді қылмыскердің рөлін сомдады. Бір қызығы актер шынайы өмірде полицей болып қызмет еткен екен.
Комедия 28 наурыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.