CaspianLife, 25 наурыз — Ресейлік БАҚ, оның ішінде Baza Telegram-да алдын-ала мәліметтер бойынша, атыс салдарынан қаза тапқандар саны 62-ге дейін өскенін жазады. Сонымен бірге, ғимараттың барлық бөлмелері әлі толықтай тексерілмеген — қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.
Сондай-ақ, дәретханалардың бірінен 10-нан астам адам өлі табылғаны хабарланды. Атыстан кейін келушілердің біразы әжетханаға тығылып қалған. Шабуыл кезінде олар 112-ге қоңырау шалып, оларды құтқаруын сұраған.
Shot хабарлауынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 70 адамға жеткен. Дәретханалар, тамақтандыру бөлмелері және тазалаушылардың құрал-жабдықтарды сақтайтын бөлмелерде көптеген мәйіттер табылды. Онда олар атыс кезінде жасырынған. Денелерінде жарақат жоқ. Көбі түтіннен тұншығып қалған.