CaspianLife, 19 наурыз — Ақтауда 22 наурыз күні Наурыз мейрамына орай қалалық қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтары №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейіловтің айтуынша, автобустар тұрақты кестеге сәйкес жүреді.