CaspianLife, 10 наурыз — Атырауда С.Бейбарыс көпірінде екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Оқиға бүгін түнгі сағат 01:40 шамасында болған.
Атырау облысы ПД хабарлауынша, Lada Granta және Infinity автокөліктері көпір үстінде соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.