CaspianLife, 6 наурыз — 5 наурыз күні сағат 15:10 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел мұз ойылып суға түсіп, айқалап көмек сұрайды. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйел адамды дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіптілігін тудыруда. Осы ретте, атыраулық полицейлер ауа-райының жылынуына байланысты мұзда жүру адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.