CaspianLife, 23 ақпан — Атыраулық полицейлер облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады.
Күдікті ақпан айы басталғалы кәсіпкердің азық-түлік сататын маркетінің қызметін бірнеше мәрте бейнежазбаға түсіріп, тауар салынған сөрелерін ақтарып шу шығарған. Кейін оны жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, 47 мың теңгені құрайтын тауардың ақысын төлемей алып кеткен. Сондай-ақ, ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмедегі киім қалтасынан 20 мың теңге қаражатын ұрлағаны анықталды.
Қазір күдікті қамауда, ұрлық және бопсалау деректеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оның өзге де қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.