CaspianLife, 15 ақпан — Катарлық Power International Holding компаниясы Tele2 және Altel байланыс оперторларын сатып алмақ, деп хабарлайды CaspianLife.
«Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, қазір «Қазақтелеком» және Катар холдингімен телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Яғни, «Power International» холдингі «Қазақтелекомға» тиесілі «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2 және Altel) компанияларын сатып алуды жоспарлап отыр.
«Келіссөздерді жақында ғана бастадық, әрине, бүгін Power International Holding компаниясымен алдын ала келісімге келдік. Алдағы уақытта сату-сатып алудың барлық шартты рәсімдерін талқылап, бекіту қажет. Сондықтан нақты сан, мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте. Біз стратегиялық инвестор ретінде Pih сияқты беделді және тұрақты компанияның ниет білдіргеніне ризамыз, себебі ол Қазақстанда танымал компания. Елімізде холдингтің көптеген жобасы бар әрі олар айтарлықтай табысты», – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.