CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері әшкереледі.
Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды.
Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Құрметті азаматтар! Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді.
Сонымен қатар, ҚМА сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі жарияланды.
Сақ болыңыз және жинақтарыңызды күмәнді қаржылық ұйымдарға салмаңыз.