CaspianLife, 13 желтоқсан — ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық университетінің атауын өзгертуді жоспарлауда.
Бұл туралы 29 қараша күні «Ашық құқықтық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды. Жобаның 13 желтоқсанға, яғни, бүгінгі күнге дейін қоғамдық талқылауға салынды.
Бұйрық жобасы Қорғаныс министрі орынбасарының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Еске салайық, қазан айында сенатор Бекбол Орынбасаров палата отырысында Ұлттық қорғаныс университетінің атауын өзгерту туралы айтқан еді. Атап айтқанда, университет атынан Елбасы сөзін алып тастау жоспарланған.