Caspian Life, 13 желтоқсан. Қызылқоғалық шаруалар биыл 108 800 тонна жем-шөп дайындады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 103 пайызға артық. Ал мал азығының бағасын арзандату мақсатында қожалық иелеріне мемлекет тарапынан 800 млн тг. көлемінде субсидия беріліпті.
Нұрболат Бергариннің қорасында 160-қа жуық малы бар. Жаз бойы 3 техникасының және жұмысшылардың көмегімен өзіне тиесілі аумақтан 1500 рулон шөп дайындаған.
Нұрболат БЕРГАРИН, шаруа қожалығының жетекшісі
— Осында 2 жылдай болды малмен айналысып келе жатқанымызға. Енді қыс азығын дайындап жатырмыз, осы өз күшімізбен. Темірбай алқабында 2000 гектардай жеріміз бар. Содан биыл 1500 дай руллон дайындадық. Субсидия алып жатырмыз. Жеміне көмек беріп жатыр. 4 тоннадай жем алдық. Енді мына мал басын көбейту үшін ана бұқамызды алдық.
Дей тұрғанмен шаруа қожалықтарының арасында ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерді игерген отырғандары да бар. Биыл аудан бойынша игерілмеген 238 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылған.
Қызылқоғада 223 мыңға жуық ірілі-уақты мал бар. Биыл 135 бас мүйізді ірі қара мен 701 бас қой-ешкіден бруцеллез ауруы анықталды. Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда мүйізді ірі қара арасында 0,2 пайызға, ал қой-ешкі арасында 0,3 пайызға ғана өскен. Вакцинаның уақытында салынып, ем-дом жұмыстарының уақытыдер кезінде жасалуы нәтижесінде қатты өсім байқалмады- дейді мамандар.
Гүлбаушан Нәдірқызы