Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға әлеуметтік желі арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды. 8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген мәлімдеме жасаған.
Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген.
— Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.