Алдағы уақытта Атырау облысына қарасты аудандардағы мектептерге 19 автобус сатып алынады. Әрқайсысының құны 35 миллиони теңге болатын көлік Қазақстанда жасалған. Көпшілігі Құрманғазы ауданы оқушыларының игілігіне берілмек.
Атырау қаласындағы ықшам аудандарда жарылып тұрған электр бағаналарын ауыстыру үшін 241 миллион теңге қарастырылып отыр. Облыстық мәслихаттың кезекті отырысында өңірдің келер жылға қаралған бюджеті жайы талқыланды.
Жалпы 2024 жылға облыстық бюджеттен 613,7 миллиард теңге қаралған. Бұдан өзге республикалық бюджеттен берілетін қаражат тағы бар.