Бүгін Алматы уақытымен таңғы 08:05 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 890 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9.
MPV магнитудасы — 5.7.
Тереңдігі — 170 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы ақпарат түскен жоқ», — делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.