CaspianLife, 11 желтоқсан — Еліміздің энергетика министрлігі Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының тапшылығы туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife.
Айтуынша, өңірдегі жағдай тұрақты.
Маңғыстау облысында энергетика министрлігі тарапынан желтоқсан айына қосымша 1500 тонна газ бөлінген: Атап айтсақ, «Қазгипз» ЖШС арқылы 1000 тонна және «АМӨЗ» ЖШС арқылы 500 тонна газ берілген.
Бүгінде өңірде 433 автогаз құю станциясы тіркелген: Ақтауда – 93, Жаңаөзенде – 74, Мұнайганда – 113, Маңғыстауда – 52, Түпқарағанда – 44, Бейнеуде – 30, Қарақияда – 27.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 169 (39%) АГҚС жұмыс істейді. Олар: Ақтау-31 (33%), Жаңаөзен – 44 (59%), Мұнайган – 36 (32%), Маңғыстау – 16 (31%), Түпқараған – 14 (32%), Бейнеу – 11 (37%), Қарақия-17 (63%).