CaspianLife, 10 желтоқсан — Атырауда су құбырлары қайта қалпына келтірілуде. Әзірге су қысымы әлсіз.
Жайықта қабыршақ мұз пайда болып, өзеннің қозғалыс жылдамдығы төмендеген. Салдарынан 9 желтоқсан күні сағат 23:30-да «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беруді тоқтатқан еді, деп хабарлайды CaspianLife.
Бүгін таңғы сағат 4:30-да қала желілеріне төтенше жағдайларды болдырмау үшін төмен қысымда су берілді. «Атырау-Мақат» магистральды су құбыры бағытында, оның ішінде «Береке» ықшамауданында (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді.