CaspianLife, 7 желтоқсан — Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсаламақ болған қылмыстық топты ұстады.
Қылмыстық топ жәбірленушілерден ақша алмақ болып кездесу ұйымдастырған. 32, 25 жастағы және 27 жастағы 2 күдікті 2 млн 600 мың теңгені алу кезінде ұсталды. Қылмыстық топ мүшелері деструктивті діни ағым өкілдері екені және кәсіпкерлерді наурыз айынан бері бопсалап келгені анықталды. Олар жәбірленушілердің әрқайсысынан 5 млн-ға жуық қаражат иемденбек болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.