1963 жылы туған Мизам Казиевич 24 қарашада жоғалған. Сол күні сағат 17:30 шамасында Ақжар ауылы, Ақжайық көшесі №9 үйден балық аулауға шығып кеткен болатын. Бұл туралы оның жұбайы хабарлама таратып, іздеу салған еді.
Өкінішке қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бүгін сағат 10.25-те оның денесін Ақжар ауылы тұсындағы Жайық өзенінен шығарғандарын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы қосымша хабарланатын болады.