Атыраулық құтқарушылар командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіп, қысқа дайындықты пысықтады.
Жиынға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшылары қатысып, жедел әрекет ету жасағы мен құрал-сайман, техниканың қыста болуы мүмкін төтенше жағдайға дайындығын тексерді.
Жаттығуға 110-ға жуық қызметкер қатысып, 27 техника жұмылдырылды. Жиын кезінде басшылар генератор, мотопомпа, спутникалық байланыс және өрт сөндіру құралдары мен дәрі-дәрмек қобдишасы секілді жабдықтарды тексерді.
Құтқарушылардың сөзінше былтырмен салыстырғанда биыл оқыс оқиға 6 пайызға көбейген. Мысалы осы жылдың 9 айында жану, өртену секілді дерек саны 26 пайызға артыпты, ал құтқару жұмысы 20 пайызға кеміген. Және де биыл әртүрлі қиын жағдайда қалған 25 адам құтқарылыпты.