Биыл Атырауда адам өлтіру мен кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі артқан. Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысында мәлімдеді.
Отырыс барысында қылмыс 21%-ға төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді. Бұл ретте денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері 15%-ға (40-тан 46-ға дейін), адам өлтіруге оқталу 40%-ға (5-тен 7-ге дейін), өзiн-өзi өлтiру 48%-ға (325-тен 348-ге дейін), адам өлтіру 75%-ға (7-ден 12-ге дейін), кәмелетке толмағандарды зорлау 60%-ға (5-тен 8-ге дейін), жас балаларды азғындық жолға түсіру 75%-ға (4-тен 7-ге дейін) өсті.
Қадағалау өкілеттіктерімен жеке адамға қарсы қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу кезінде заң бұзушылықтардың 2 фактісі анықталды. 6 прокурорлық ден қою актісі енгізілді, 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
«Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Адамға қарсы қылмыстар–өмірдің, денсаулықтың, бостандықтың, ар-намыс пен қадір-қасиеттің қауіпсіздігіне, жыныстық қол сұғылмаушылыққа, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, отбасы мен кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық әрекеттер. Оларды қорғауға еліміздің Конституциясы кепілдік береді», — деді прокурор.
Алқа отырысының нәтижелері бойынша жеке адамға қарсы қылмыстар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою және одан әрі жасаудың алдын алу шараларын қолдану бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірленді.