CaspianLife, 13 қараша — Бүгін сағат 15:00-де Атырау қаласы Орталық көпірден белгісіз әйел адам секіріп кеткен, деп хабарлайды CaspianLife.
Хабарлама түскен бойда шақырту орнына шұғыл жеткен Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Айдаров Берікқали, Ануарбеков Ернар мен Бағыт Айдынның жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 24 жастағы әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір жағдайы бір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында.
Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушысы, 1 қайық жұмылдырылған.