Жылыой ауданында қызылша жұқтырғандар саны 60-тан асты. Мамандардың айтуынша, науқастардың көбі – кәмелет жасына толмаған. Ересектер де жоқ емес.
Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін екпе алу міндетті деп отыр. Қазір аудан бойынша вакцина салдырғандар саны 2600-ден асты.
Ақбота БИСЕНҒАЛИЕВА, Құлсары қаласының тұрғыны
- Қазіргі ахуалға байланысты, қызылшаға қарсы екпе алып отырмын. Жалпы халыққа айтарым, қызылша өршуіне байланысты, барлық азамат, азаматшалар алуы керек деп ойлаймын. Бұл әр адамның денсаулығына байланысты. Әр адам отбасын, балаларын қорғау үшін алуы керек деп ойлаймын.
Ауру өршіп кетпес үшін әрі жағдайды тұрақтандыру мақсатында аудан дәрігерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр