Caspian Life, 2 қараша. Маңғыстау облысының аумағында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер-2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат – браконьерлікті, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау. Бұл туралы облыстық полиция департаменті
Шара басталғалы 12 күн ішінде 82 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша екі іс қозғалып, 80 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған тұлғалардан барлығы 104 келі 950 грамм бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Маңғыстаулық полицейлер өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырып, браконьерлік пен заңды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.