CaspianLife, 1 қараша — Атырауда полицейлер 15 қабаттан секірмек болған әйел адамды құтқарды. Оқиға 31 қазан күні 14:21 шамасында болды, деп хабарлайды CaspianLife.
102 операторына Алмагүл ықшам ауданының тұрғындары 15 қабаттың балконында қолында әйнегі бар әйел адамның секіруге оқталып тұрғанын хабарлаған. Жедел барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев пен Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен сөйлесіп, райынан қайтарды. Өмірін қимақ болған азаматша жеке өмірінде туындаған қиындықтардың әсерінен осындай шешімге келгенін жеткізді. Азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылған.