Caspian Life, 14 қазан. Бейнеу-Ақтау тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы — ауыр. Ал қалған екі науқас аудандық ауруханада әлі емін жалғастырып жатыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабалайды.
— Екі науқас реанимация бөлімінде тәуліктік бақылауда. Оның бірі 2020 жылы туған. Қазір ол ІІІ дәрежелі комада, жағдайы — ауыр. Ал 1987 жылы туған науқас І-ІІ дәрежелі комада жатыр. Жағдайы — өте ауыр, — дейді Бейнеу орталық аудандық ауруханасының баспасөз қызметі. Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 9 қыркүйекте сағат 11:50-де республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тас жолында болған. Екі адам қаза тауып, төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын.