Caspian Life, 13 қазан. Атырауда келер жылы қоғамдық көлік саны артады. Атап айтсақ, Нұрсая ықшам ауданы мен Водниково ауылы бағытында жүретін су жаңа 5 автобус шығару жоспарлануда. Бұл туралы Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жадыра Сәндібекова мәлімдеді.