Caspian Life, 12 қазан. Мизам шуақ аяқталып, күн күрт суып, күз күшіне ене бастады. Осы аптада жауған жаңбырдың арты айтарлықтай суыққа ұласқаны сол, жайбарақат жүрген атыраулықтар қымтанып, әбігерге түсті де қалды.
Дегенмен, демалыс күндері күн жылиды дейді синоптиктер. Ертең облыстың солтүстігінде, ал сенбі күні батысында тұман түсіп, екпіні секундына 9-14 метрге дейін жететін жел соғады. Сондай-ақ, өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Сенбі-жексенбіде ауа температурасы күндіз +13- +18 градус аралағында болады.