CaspianLife, 18 қыркүйек — Әділет министрлігі соңғы кезде жиілеп кеткен алаяқты әрекеттерден сақтануға шақырады, деп хабарлайды CaspianLife.
Алаяқтар енді өздерін әділет органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметкердің жалған ID карталарын көрсетуде.
«Соңғы уақытта алаяқтар ҚР Әділет министрлігі басшылығының атынан азаматтарға хабарласып, жеке мәліметтерін сұрап жатыр. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жеке деректерді (Аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефоны) үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарына бермеуге шақырады», — деді ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли.