CaspianLife, 8 қыркүйек — Биыл наурыз айында Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері есіркі заттарын жасырын қойып кетумен айналысқан 2006 жылғы жасөспірімді анықтаған еді. Тексеру кезінде 26,7 грамм Альфа-PVP синтетикалық есірткісі мен 16 дана изолентаға түйілген орама тәркіленген, деп хабарлайды CaspianLife.
17 жастағы жасөспірім заңмен тыйым салынған мефедрон ситетикалық есірткісін OLX әлеуметтік желісі арқылы қала аумағындағы кез келген жеге жасырын қойып кетіп, ақша таппақ болған.
Енді оған аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.