CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда тұрғындарды 49 млн теңгеге шығынға батырған қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caspian Life.
Агенттіктің дерегінше, күдіктілер «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырған. Оған қаржысын берген 296 салымшының 35-і ғана шағымданыпты. Тергеу нәтижесінде оларға 49 млн теңге залал келгендігі анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.
«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі»,-делінген баспасөз-баянында.