CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда алғаш рет Tomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы басталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Оған бойында көшбасшылық қабілеті бар 50-ге жуық жергілікті қыз-келіншек қатысуда. Мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлердің басын қосқан жиын 4 күн бойы өтеді. Жиналғандарға тәжірибелі мамандар көшбасшылық дағдыны дамыту, қаржылық сауаттылық, көп алдында сөйлеу, тайм менеджмент секілді тақырыпта дәріс оқиды.
Tomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы былтыр жасақталды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз жолдауында «әйелдердің мүмкіндігін кеңейту – қазіргі саясаттың басым бағыттарының бірі» деуі себеп болды. Мемлекет басшысы «әйелдер партиялық тізімде болып қана қоймай, парламент пен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары құрамының 30%-ын құрауы тиіс» деген еді 2020 жылы.