caspianlife, 14 тамыз — Атырауда халықаралық жастар күніне орай «Таза аймақ – таза өмір» атты сенбілік өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Тазалық акциясына түрлі мекеменің қызметкерлері, жергілік атқарушы орган өкілдері, жастар, спортшылар мен «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамындағылар қатысты. Барлығы 200-ден астам атыраулық «Тұрғындар қалашығы» мен «Авангард» ықшам ауданын байланыстыратын көпір маңын қоқыстан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы айналаны таңдауға тұрғындардан түскен шағымның көптігі себеп болған. Нәтижесінде акцияға қатысушылар 1 жүк көлігін қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарға толтырған.
Фото: ser-per.kz