caspianlife, 14 тамыз — Жанбай ауылында Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, мемлекеттік қызметкер Адайбек Есекештің 60 жас мерейтойы атап өтілді. Және іс-шара аясында оның «Тіршіліктің тылсымы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі де ұйымдастырылды, деп хабарлайды CaspianLife
Жиынға аудандық мәдениет бөлімі, «Нарын таңы» газетінің, ауыл әкімдігінің қызметкерлері, тұрғындар қатысты. Жастар жағы ақынның «Боз жусанның бүршігі», «Жүректегі жыр шыңы» атты жинақтарына енген өлеңдерін оқыса, ауыл үлкендері туған өлкенің тарихын жатқа білетін, сөзге жүйрік Адайбек Есекештің сан қыры туралы айтты. Сазды кеште айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының сәлем жеткізген ақын Серікбол Панабердиев авторға қазақтың қара домбырасын тарту етті.