CaspianLife, 10 тамыз — Атырауда құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын жергілікті өндірушілердің көрмесі алғаш рет өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
20 дан астам кәсіпорын қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдері туралы мағлұмат беріп, таныстырды. Солардың арасында 14 жылдан бері жарық шамдарын шығарумен айналысатын компанияның өкілі Руслан Әубәкіров те бар. Оның сөзінше, мұндай іс-шара арқылы кәсіпкерлік қарым-қатынасты арттырып, ірі жобаларға қатысуға әбден болады.
«Біздің ерекшелігіміз енді Қазақстан бойынша осындай өндіріс бізде ғана деп айтуға болады. Қазір өндірісімізде 130-150 адам жұмыс жасап жатыр. Және де бізде баға, сапа, гарантиямыз бар. Осы көрмеден біз енді Атыраудағы ірі жобаларға қатысқымыз келеді. Сол себептен біз былай қарасаң көбі біледі» — деді кәсіпкер Руслан Әубәкіров.
Көрмеге кірпіш, төсемтас, резеңке жабынды, ұзақ жыл бойы шірімейтін құбыр, яғни құрылыс материалдары емес, интерактивті тақта секілді мектепке қажетті құрал-жабдықтар да қойылды. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлерді қолдау тек көрме өткізумен шектелмейтінін айтады.
«Алдағы уақыттада бұл компанияларды өзіміздің жүргізіліп жатқан жобаларға салатын боламыз. Өздеріңіз білесіздер жайлы мектеп жобалары бар, бином мектептері, емханалар бар салынып жатқан. Сол алдағы уақытта өзіміздің жергілікті өнімдерді салатын боламыз. Бұл жерде осы өзіміздің кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалып жатқан шара» — деді Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нрберген Құсайынов.
Жергілікті өндірушілердің көрмесі 14 тамыз — құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылды. Және іс-шара мұнымен аяқталмайды. Атырау облыстық құрылыс басқармасы «Құрылысшылар форумын» өткізбек. Онда саладағы өзекті деген мәселелер айтылып, ертеңге күнге жоспар құрылады, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне серпін береді, -дейді басқармадағылар.