Бүгін “Атырау-Астрахань” пойызында 13 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастап, жедел жәрдем шақырылды. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады.
Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды. Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі.