CaspianLife, 3 тамыз — Маңғыстау облысындағы жабайы жағажайлар нағыз қоқыс алаңына айналуы мүмкін, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы теңіз жағасындағы Сайн Шапағатов ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Мұнда келген демалушылар тастаған тұрмыстық қалдықтың алынбағанына екі айдай болған. Күні кеше ғана жеке компаниялар жағалауды жинастырып, төрт тонна қоқыс шығарыпты. Ауыл әкімінің сөзінше, жағалаудың тазалығына коммуналдық мекеме жауапты. Бірақ қазір компания мен әкімдік арасында сот процесі жүріп жатқандықтан, тазалық жағы қараусыз қалып отыр.
Ауыл тұсындағы жағажайға келетін көлік саны демалыс күндері екі жүзден асып жығылады дейді әкім. Олар кеткен соң арттарында қап-қап қоқыс қалатын көрінеді. Жабайы жағажай жекеге тиесілі. Сондықтан бұл жер де демалушылар үшін ақылы болуы мүмкін.
Фото: Massaget