CaspianLife, 2 тамыз — Атырау және Түркістан облысының әкімдігі бірлесе отырып, қос аймақтағы туризмді дамытуды қолға алды, деп хабаралайды CaspianLife.
Осыған орай Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Туризм және қызмет көрсету» салалық кеңесі меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс жасайтын болып келісті. Атырауда өткен Road show-welcome to Turkistan атты іс-шара кезінде Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдері презентация арқылы өңірдің туристік әлеуетін халыққа насихаттап, таныстырды.
«Қазіргі таңда біздің әріптестеріміз Орал, Ақтөбе облыстарында дәл осындай мақсатта іс-шара ұйымдастырылып отыр. Ақпараттық турды жүргізіп отыр. Одан бөлек өңірге көршілес Өзбекстан елінің Ташкент қаласында да жалғасын тауып сонда жұмыстар жүргізілуде. Туризм саласы өзі бір орында тоқтап қалатын нәрсе емес. Өйткені әр күні әр кез даму үстіндегі бағыт. Былайынша еліміздің экнономикалық дамуына үлкен үлес қосатын салалардың бірі» — деді Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілі Ботагөз Мәуленова.
Атырау облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы өңірдегі туризм саласын дамыту мақсатында мұндай іс-шараны жиі өткізіп, туристерді тарту мақсатында жұмыс жасалытынын айтты.
«Жалпы Түркістан өздеріңіз білесіздер кіші Мекке болып есептеледі, Қазақстанымыздың рухани орталығы. Бұл жерде бірінші мақсат екі жақты туризм саласын дамыту бойынша, туристтерді тарту бойынша қарым-қатынас. Екіншіден біздің Атырау облысы тұрғындарын Түркістан облысына жанағы киелі жерлерін көруге, шипажайларға тартуға арналған мақсатпен келіп отыр. 01:27 Одан басқа әрине Атырау облысына оңтүстіктен туристтерді тарту біз үшін мақсат. Бізде қазір білесіздер әлемде теңдесі жоқ Лотос алқабы бар. Қазр гүлдену үстінде. Сарайшық қалашығы ортағасырлық. Индер көл сауықтыруға өз ығпалын тигізетін. Сондай туристтік нысандар бар. Соларға басқа облыстардан ішкі туристтерді тарту мақсатында да келіссөздер жүргіздік. Жалпы осы бағытта жұмыстар атқарылатын болады» — деді Атырау облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жанабеков.
Түркістан облысында туризмнің тарихи-мәдени, экологиялық және емдік-сауықтыру секілді 3 бағыты бар. Тарихи-мәдени аорындарды тамашалағысы келетіндер үшін мұнда1800-ге жуық нысан бар. Соның бірі халықаралық маңызы бар — «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі. Тарихи нысан ЮНЕСКО қорғауында. Одан бөлек 34-і республикалық деңгейдегі тарихи мұра. Өңірде 72 емдік-сауықтыру орны бар. Ал экологиялық туризм бойынша — «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи, «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркі, «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары жұмыс жасайды.