CaspianLife, 28 шілде —ҚР Ұлттық экономика министрі Атырауға іссапармен келді, деп хабарлайды CaspianLife. Әлібек Қуантыров жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, қордаланған мәселелерін тыңдады. Бизнес өкілдерінің көпшілігі ауылдық жерлерде кәсіпті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүйесі ақсап тұр дейді. Одан бөлек, елді мекендерде бизнесті дөңгелетіп әкетуге кедергі болатын фактор бұдан да көп көрінеді. Әлібек Қуанторов ауылдық жерлерде кәсіпті дамыту министрліктің басты назарында дейді.Оның айтуынша, бұған «Ауыл аманаты», «Бизнестің жол картасы» және биыл 200 млрд теңге бөлінген «Ауыл ел бесігі» жобасы дәлел. Бірақ, бизнес кәсіпкерге тек ақша әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орнын ашып беруі тиіс деп атап өтті министр.
Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР Ұлттық экономика министрі
Кәсіп әлеуметтік мәселені шешуге бағытталуы керек, ал біз тиісінше көмектесеміз. Әсіресе, мұнайлы аймақтарда түрлі бағыттағы кәсіпті қолға алу қажет. Ал, Атырау облысы бұл үшін қолайлы аймақ деп ойлаймын.