CaspianLife, 2 шілде —Атыраулық зейнеткерлер ағылшын тілін тегін оқып жүр, деп хабарлайды CaspianLife. Құрметті демалысқа шыққанымен, өзін-өзі дамытуды тоқтатпаған үлкендер «Тіл» оқу орталығында білім алады. Қазір мұнда 30-дан астам зейнеткерді 10-ға жуық маман оқытып жатыр. Мұндай бастама былтыр облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен қолға алынған. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығына қазір 60-75 жас аралығындағы 30-дан астам зейнеткер келіп жүр. Мұнда тек ағылшынды емес, қазақ және орыс тілін де оқытады. Былтыр орталықтан 870 тұрғын қазақ, орыс және ағылшын тілін оқып, сертификат алған. Ал биыл 900 атыраулыққа тіл үйрету жоспарланып отыр.