CaspianLife, 26 шілде —21-23 шілде аралығында Қонаев қаласында І Халықаралық туризм және медиа форум өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шараға әлемнің 15-ке жуық мемлекетінен және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық журналист қатысты. Форумның мақсаты — медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру. Сондай-ақ, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік, отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту.