CaspianLife, 26 шілде —Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткіні сақтаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. 25 жастағы азамат Абай облысының тұрғыны. Оны Атырау облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұстаған. Медициналық сараптама қорытындысы тәркіленген есірткінің салмағы 487,75 грамм немесе 1500 доза «Мефедрон» екенін анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің «аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.