CaspianLife, 26 шілде —Атырауда самокат мінген балалар көлік астына түсті, деп хабарлайды CaspianLife Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оқиға 24 шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында Әбілхайырхан даңғылы бойында болған. Hyundai Accent маркалы машинаның жүргізушісі самокат айдаған жеткіншектермен соқтығысқан. Олардың бірі он жаста болса, екіншісі алтыда. Соққының салдарынан 2017ж.туған бала дене жарақатын алып, жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Тәртіп сақшыларының сөзінше, тиісті құжаттар жинақталып, қалалық полиция басқармасына тапсырылған.
Фото: Almaty.tv