CaspianLife, 17 шілде – Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында жаппай төбелес болды деп хабарлайды caspianlife.kz.
Тәртіп сақшылары алты күдіктіні анықтап, ұсталғанын хабарлады ПД баспасөз қызметі.Telegram арналарда жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Кадрларға қарағанда төбелескендер қолдарына таяқ алып, бөтелке лақтырған.Полицейлер 24-25 жастардағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады. halyq-uni.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, фактке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды.
Фото gov.kz порталынан алынды