Caspianlife, 13 шілде — Қызылқоғаға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, “Аманат” партиясының фракция мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов келіп, тұрғындармен кездесті, деп хабаралайды Caspianlife.
Аудан әкімдігінде өткен жиында өңір үшін аса өзекті — су мәселесі талқыланды. Жергілікті депутаттар мәжілісменнен су тасқыны кезінде жырылған Қарабау-Миялы тас жолына тезірек көпір салу, Миялыдағы су айдау насосын іске қосу үшін ықпал етуді сұрады. Бұдан кейін Дүйсенбай Тұрғанов тұрғындарды жеке қабылдады. Сағыз ауылынан арнайы келген Жәнібек Аралбаев Сағыз ауылына айналма жол салу, Миялы-Сағыз тасжолын күрделі жөндеуден өткізу, малдың жем-шөбін субсидиялауға қатысты ереже-талапты өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Сонымен қоса, тоқтың жиі сөніп, әбігерге салатындығын айтуды да ұмытпады.
«Жап жаңа міне ауданның орталығында свет сөніп қалды. Электр көзі ажыратылып қалды. Бүкіл интернет ажыратылды. Kcell бар altel бар activ бар көп қой осы bellain бар. Жаңа мен іштен жауап алдым бұрын «Казтелекоммен» догаворға отырған, казтелекомның өзінің жаңағы төтенше жағдай болғанда свет сөніп қалғанда өзінің моторлары бар соны қосып тоқ беретін еді. Енді қазір догавордан шығып кеткен енді өзімен өзі я сондай жағдайда беретін тоғы жоқ, я оның жинақтаушы накапиты жоқ аккумуляторы.Әрбір елді мекенде қазір Миялда 1500-ге жақын түтін(үй) бар, Сағызда да соның үстінде түтін бар. Әрбір үйде 3-4 телефон болғанда, айына 5 мың телефон болғанда 25-30 миллионнан ақша түсіп отырғой бір ауылдың өзінен. Қойсын. Мынадай келеңсіз жағдай болғанда» — деді Сағыз ауылының тұрғыны Жәнібек Аралбаев.
Қызылқоғалықтар аудандағы 18 жастан асқан мүгедектер үшін салынған оңалту орталығының жұмысын жеделдетуді де сұрады мәжілісменнен. Өйткені ғимараттың құрылысы аяқталғалы 7 ай уақыт өтсе де пайдалануға әлі берілмей тұр. Халықтың ұсыныс-тілек, арыз-шағымын қойын дәптеріне түртіп алған Дүйсенбай Тұрғанов оны жауапты орындарға жеткізіп, шешу үшін жұмыстанамын деп уәде берді.
Фото: Ак Жайык