CaspianLife, 29 маусым —Маңғыстауда үш баласын айуандықпен өлтірген ер адам өмірбақи бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Маңғыстауда үш баласын айуандықпен өлтірген ер адам өмірбақи бас бостандығынан айырылды. Оған қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған еді. Істі Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот қарады. Күдіктінің кінәлі екендігін сараптама қорытындысы дәлелдеді. Үйге қасақана балта және ас үй пышағын алып кіріп, үш кішкентайды асқан қатыгездікпен өлтірген сотталушы соңғы сөзінде жасаған ісіне өкінетінін айтты, — дейді судья. Естеріңізге сала кетейік, көптің жағасын ұстатып, зәре құтын қашырған оқиға 24 наурыз күні Ақтау қаласындағы 27 шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 37 жастағы ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны түсініксіз. Ел ішінде бұл оқиғаға қатысты түрлі нұсқа айтылып жүр. Бірі ажырасқан әйелі алимент талап еткен десе, енді бірі есірткі шегіп жасаған әрекет дейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.