CaspianLife, 9 маусым — Атырауда маса улауға бөлінген 50 миллион теңге жетпей қалуы мүмкін. Дейді облыс орталығын дезинсекциялау жұмыстарына жауапты компанияның өкілдерідеп хабарлайды CaspianLife.
Мұны олар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты. AG Disifection servises ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Гүлсара Ходжибекованың сөзінше, мердігер мекеменің қорында улауға қажетті препарат жеткілікті. Алайда қазір нарықта дезинсекция жасауға арналған дәрілердің бағасы қымбаттап кеткен. Маса улау жұмыстарымен 20 дезинфектор, 4 эпидемолог-дезинструктор мен 1 биолог айналысып жүр, олар жел генераторы қондырылған 6 газель, салқын және ыстық тұман шығаратын 8 генератор және 10 дана бір реттік шашыратқышты пайдалануда. Мамандар тұрғын үйлердің подьездерін, жертөлелерді, саябақтарды, скверлер мен қалаға қарасты кейбір елді мекен аумағында кесте бойынша жұмыс істеп жатыр.
Барып жұмыс жасар алдында кск-ға кіріп, КСК-ның өкілін қасымызға ертіп қана подьезге кіре аламыз. Ол маман осы подьезде кішкентай бала бар ма, астматик бар ма, солардың бәрін біледі. Біз соны сұраймыз. Егер ондай адамдар болса ол подъезге салқын тұман ретінде генератормен жұмыс жасаймыз. Ол подъезге түтін жіберілмейді. Сұйықтық ретінде шашылады. Сәл сәл иісі болады, тек жәндікке қана балаға,адамға зияны жоқ» — деді AG Disifection servises ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Гүлсара Ходжибекова.
Қазіргі уақытта мамандар улау жұмыстарына анти-инсекта, амизон, ФосЛАД-50, ФосЛадин препараттарын пайдаланып жатыр. Сәуірдің 18-нде басталған жұмыс қара күзге дейін жалғаспақ. Биыл дезинсекциямен айналысатын мекемені анықтау ауылдық округтердің өздеріне берілген.
Фото: Baq.kz