Атырау балық консерві комбинатының 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды — CaspianLife ақпараттық порталы
Пятница, 8 декабря, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Балық шаруашылығы

Атырау балық консерві комбинатының 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды

09.06.2023
Балық шаруашылығы, Жаңалықтар, Қоғам
0
Атырау балық консерві комбинатының 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды

CaspianLife, 9 маусым — Балық өнімдерінің құтылары мен балық аулау құралдары және балықшылардың киімі. Мұның барлығын тұрғындар Атырау облыстық тарихи-өлкентану музейінде өтіп жатқан көрмеден тамашалай алады,деп хабарлады CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

08.12.2023
Ақтау тұрғындары жер сілкінісін  сезгенін айтуда

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезгенін айтуда

07.12.2023

Көрме Атырау балық консерві комбинатының 90 жылдығына арналып жасақталған.

Бүгін өте керемет көрме өтті. Өзім бірінші рет емес бірнеше рет келіп отырмын. Жалпы өтке қызықты, балаларға да қызықты. Жалпы өзім қызығатынмын осы балықтың қалай ауланады, енді алғаш рет осындай көрме ашылып жатыр екен балыққа байланысты. Өзіміздің енді осы Атырау өңірінде балық шығаратын болғаннан кейін көптеген балықтың түрлерін балалық шағымызды еске түсіретін консервылардың түрін көріп қуанып қалып жатырмыз — деді Атырау қаласының тұрғыны Гүлжихан Ақоразова.

Көрмеге 120 дан астам жәдігер қойылған. Солардың бірі қос желкенді қайықтың макеті. Мұны балықшылар Каспий теңізінен балық аулау үшін пайдаланған. Ұзындығы 15, ені 3, ал биіктігі 2 метрге жуық. Одан бөлек көрмеге осы салада көп жылдар бойы еңбек еткен балық кесуші Айнаш Байжігітова мен зауытты басқарған Қайыржан Әлиевтің құжаттары, тұтынған заттары қойылған.

Соғыс жылдарында осы Хадиша Қабдолова 1937 жылы депутат болған кезде оған жауынгерлер майданға көмектескені үшін арнайы түрде хат жазған, алғысын білдірген. Сол туралы осы жерде хатта бар. Және жаңа айтқандай документтер. Бұл соның ішінде қатысқан, жұмыс жасаған колхозшылардың, білікті мамандардың жеке документтері де біздің музейде, қорымызда сақталған. Соны да ерекше атап көрсеттік — деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Нұргүл Шалимова.

Қазақстан балық индустриясы 1933 жылы 6 қарашада Октябрь революцияның 16 жылдығына орай іске қосылды. 1934 жылы Гурьев комбинаты 30 мың центнерге жуық салқындатылған, 200 центнер қақталған, 1000 центнер ысталған балық және 6 млн консерві құтысын шығарған. Атырау балық құты комбинаты 1991 жылы Атырау кәсіпорны базасында құрылды. Қазіргі уақыта өңірімізде балық аулаумен және оны өңдеумен 19 өндірістік кәсіпорын айналысады және бекіре тұқысмдастарды өсіретін 2 зауыт жұмыс жасайды.

Тегтер: CaspianLifeатыраубалық шаруашылығыжаңалықтаркөрме
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.